Сарапшылар жаңа медиа туралы айтты

27 Қазан 2022, 18:08
1065
Бөлісу:
Сарапшылар жаңа медиа туралы айтты
Фото: автордан

Медиа апталықтың екінші күнінде сарапшылар «Жаңа дәуірдегі кәсібилік: журналистердің кәсіби құзыретінің өзгеруі» тақырыбы аясында әңгімелесті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Панельдік сессияда ХХ ғасырдың соңғы 25 жылындағы  жаңа коммуникация технологияларының дамуы, жаңалық өндірудің жаңа сатыға көшуі, трансформациясы талқыланды.

Осы орайда жиынға онлайн қосылған медиа талдаушы, Eurasian Management Solutions GmbH компаниясының атқарушы директоры Томас Хельм журналистикадағы этика мәселесін қозғады.

Расында да, интернеттің, АКТ дамуы онлайн журналистиканың дамуына септігін тигізді. Бізден бұрынғы журналистердің жасамағанын қазіргі журналистер оңай игеріп жүр. Бірақ этикалық тұрғыдан журналистикаға деген қоғам сенімінің азаю мәселесі күн тәртібінде тұр, – деді ол.

Сонымен қатар  ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Əбіл қарым-катынаста журналистер тарапынан туындап жатқан мәселелерді көтерді.

Әрбір саланың этикасы болады. Біріншіден, этика адами құндылықтарды, қоғамдық құндылықтарды бойына сіңірген адал жүретін адамнан бастау алады, екіншіден, кәсіби құндылықтармен қоса, аналитикалық, критикалық ойлау жүйесі, үшіншіден, коммуникациялық дағдылар, адаммен сөйлесу кезінде өз-өзіне сенім тудыру, сұхбат кезінде өз ойын анық жеткізу, ақпарат тарату кезінде жетіспей жатқанын көріп жатамыз, – деп қорытындылады ректор.

Өз кезегінде Сенат депутаты Дана Нұржігіт дәстүрлі журналистика өзгеріске ұшырағанын айтты.

Жаңа компетенция келгеннен кейін бұрынғы классикалық журналистиканың парадигмалары өзгерді. Осы орайда БАҚ туралы жаңа заң жобасы журналистиканың деңгейін көтеру және азаматтық қоғам институтымен жұмысты реттейді. Журналистика саласында этикалық тұрғыдан сабақтар жетіспейді. Медиа стандарттарын қабылдау керек деп ойлаймын, – деді депутат.

Өзгелердің жаңалығы