Сарапшылар кәсіпқойлардың өсуіне қалай үлес қосып жатыр

31 Наурыз 2023, 18:44
1105
Бөлісу:
Сарапшылар кәсіпқойлардың өсуіне қалай үлес қосып жатыр
Фото: МТАЖО

Қазақстанда адамдардың көбі өзінің кәсіби дамуына, яғни тұрақты оқытуға, біліктілігін арттыруға көңіл бөледі. Осыған байланысты үздік, жоғары мамандандырылған жаттықтырушылар мен оқытушыларға қажеттілік туындайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Нарықтағы ең үздік 100-ден астам дәріскер-сарапшылармен – Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының (ПІБ) ведомстволық қарасты ұйымы – Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы ынтымақтасып жатыр. Олардың жартысынан көбі әйелдер екенін атап өткен жөн. Әйел сарапшылардың кәсіпқойлардың дамуына қалай көмектесетіні туралы үш мысалды бөлісеміз, - делінген Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының хабарламасында.

Кез келген еңбек жанжалын шеше алатын сарапшы - Бибігүл Нұрашева

МТАЖО-да оқыту жұмыстарын жүргізетін ең құрметті сарапшылардың бірі – Бибігүл Нұрашева, өзінің сараптамасы және осы саладағы 17 жылдан астам тәжірибесімен танымал нәзік әйел және көпбалалы ана. Доктор Ph.D, МВА доценті.

Ол Қазақ гуманитарлық-заң университетінің «Азаматтық-құқықтық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы және «Academy of labour relations» бас директоры.

Бибігүл Нұрашева ұжымдық еңбек дауларын шешуде делдал және еңбек төрешісі рөлін атқарады. Сонымен қатар ол ICBT халықаралық мектебінің сертификатталған бизнес-жаттықтырушысы және ACC ICF жаттықтырушысы, оған қоса «Кәсіподақтар: теория және практика» монографиясының, 50-ден астам ғылыми-практикалық мақаланың авторы.

МТАЖО-да ол еңбек қатынастары туралы білімді үйретеді. Яғни еңбек заңнамасының егжей-тегжейін түсіндіріп, еңбек дауларын шешуге үйретеді, сонымен қатар орталықтың жаттықтырушыларын арнайы бағдарлама бойынша дамытады.

HR туралы барлығын білетін сарапшы - Олеся Куур

Өз саласында танымал, персоналды басқаруда 18 жылдық тәжірибесі бар тағы бір МТАЖО жаттықтырушысы – Олеся Куур.

Сарапшы коммерциялық ұйымдарда персоналды дамыту, кадрлық әкімшілендіру, әскери есепке алу мәселелері бойынша тәуелсіз кеңесші және жаттықтырушы.

Ол компанияда ішкі оқу орталығын қалай құру керегін жақсы біледі, жеке және корпоративтік оқыту бағдарламаларын әзірлеумен, басқа қалаларда филиалдары бар компанияларда қашықтан оқытуды ұйымдастырумен айналысады. Сонымен қатар қызметкерлерді іріктеу, бейімдеу, ынталандыру және бағалаудың тиімді жүйелерін құрудың қыр-сырын біледі.

Ол сондай-ақ «Іс жүргізу. Құжаттаудың жаңа ережелері», сондай-ақ «Кадрлар және іс жүргізу», «Кадрлар анықтамалығы» және басқа да кәсіби мақалалардың БАҚ-тағы авторы.

МТАЖО-да Олеся Куур персоналды басқару бойынша тренингтерді жүргізеді. Жақында ол ҚР ПІБ жүйесінің барлық HR-мамандары үшін «HR: міндеттері мен құзыреттері» тақырыбында тренинг өткізді.

«Жұмсақ дағдыларды» дамытуға көмектесетін сарапшы - Эльмира Абайдильдинова

Негізінен МТАЖО тар мамандандырылған білім береді, алайда, оған қоса «икемді дағдыларды» (soft skills) да дамытатын тренингтер өткізеді. Linkedin есебіне сәйкес, жұмыс берушілердің 92%-ы икемді дағдыларды техникалық дағдылардан гөрі маңызды деп санайды. Осыған байланысты МТАЖО-да, мысалы, эмоционалды интеллект танымал.

Сондықтан қазақстандық мамандардың дамуына үлес қосатын белсенді және іскер әйел-кәсіпқойдың үшінші жарқын мысалы эмоционалды интеллектті дамытудың сертификатталған жаттықтырушысы (EACEIP) және Erickson International кәсіби жаттықтырушысы – Эльмира Абайдильдинова.

Сарапшы Йель университеті профессорларының тұжырымдамасы бойынша сабақ береді, эмоционалды интеллекттің даму деңгейін анықтау бойынша тестерді түсіндіруде көп жылдық тәжірибесі бар және «emotionALL» жобасының негізін қалаушы және жетекшісі.

Бұл бұрыннан өз ісінің кәсіпқойлары саналатын, бірақ МТАЖО-да үздіксіз біліктілікті арттыруға және құзіреттерін кеңейтуге ұмтылатын жүздеген адам үшін білім мен даму әлеміне әйел сарапшылардың жолсерік болуының бірнеше мысалдары ғана.

Өзгелердің жаңалығы