Сарапшы: Қазақстан - «Бір белдеу, бір жол» бастамасы локомотивінің I шекарасында тұрған мемлекет

11 Мамыр 2023, 12:25
1436
Бөлісу:
Сарапшы: Қазақстан - «Бір белдеу, бір жол» бастамасы локомотивінің I шекарасында тұрған мемлекет
Фото: Артём Чурсинов

Қазақстан - «Бір белдеу, бір жол» бастамасы локомотивінің бірінші шекарасында тұрған мемлекет. Мұндай пікірді Сыртқы саяси зерттеулер институтының басқарма төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астана халықаралық университеті мен Цинхуа университетінің арасында халықаралық конференция өтіп жатыр. Бұл іс-шара «Бір белдеу, бір жол» бастамасына 10 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.

Осыдан 10 жыл бұрын бұл бастама осы елордада көтерілген болатын. Осы жылдар ішінде қандай жоспарлар болды, қандай жоба іске асырылды?! Осы мәселелерді бүгін талқылап жатырмыз, - деді Қабазиев.

Айта кетерлігі, логистика саласында елеулі жетістіктер болды.

Қазақстан - «Бір белдеу, бір жол» бастамасы локомотивінің бірінші шекарасында тұрған мемлекет. Біз арқылы Қытайдан Еуропаға теміржол бойымен қаншама вагон кетіп жатыр. Бүгін осы жиында бастаманың елімізге тиімді тұсын талқылаймыз, - дейді Сыртқы саяси зерттеулер институтының басқарма төрағасының орынбасары.

Айтуынша, бастама аясында 52 инвестициялық жоба қолға алынған. Оның сомасы 21 млрд долларға сәйкес келеді. Оның ішінде ауылшаруашылығы, транспорт, энергетика саласы бойынша жобалар бар.

Қытайдан Еуропаға кететін жүктердің 80 пайызы Қазақстан теміржолы және транспорты арқылы жіберіледі.

Қазақстан мен Қытай арасында 100-ден астам тауар түрі бар. 2022 жылы 24 млрд долларға екіжақты тауар айналымы болды. Оны Мемлекет басшысы 2030 жылға дейін 30 млрд долларға жеткізуді тапсырған болатын. Енді 120-дан астам тауарды Қытай нарығына шығару керекпіз. Қытай Қазақстанды нақты серіктесі ретінде көреді. Орталық Азия елдері ішінде Қытаймен қарым-қатынас бойынша бірінші орында тұрмыз. Саяси бағыт бойынша Қытай - Орталық Азия саммитіне қатысамыз. Ол 16-19 мамырда Сиань қаласында өтеді. Бұл саммит елімізге экономика саласында оң әсерін тигізеді, қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді. Оның ішінде екі елдің және Орталық Азияның арасында тауар айналымын көбейту, - деп түсіндірді сарапшы.

Елордада «Бір белдеу, бір жол» бастамасына, оған қатысушы мемлекеттердің жоғары деңгейдегі ынтымақтастығына 10 жыл» халықаралық ғылыми конференциясы өтіп жатқанын еске сала кетейік.

Бұған дейін Астана халықаралық университеті мен Цинхуа университеті ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойған болатын.

Өзгелердің жаңалығы