Сарапшы: Ішкі саяси проблемаларды реттеудегі Қазақстанның тәжірибесі Грузияға үлгі

20 Қараша 2022, 17:00
940
Бөлісу:
Сарапшы: Ішкі саяси проблемаларды реттеудегі Қазақстанның тәжірибесі Грузияға үлгі

Бұл туралы Халықаралық Кавказ университетінің профессоры, грузиялық саясаттанушы Вахтанг Маисая Хлықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өтіп жатқан баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сарапшы елімізде өтіп жатқан кезектен тыс президент сайлауының ұйымдастырылуына жоғары баға берді. Сондай-ақ оның ерекшеліктеріне тоқталып өтті.

Мен сайлауда мониторинг жасау үшін арнайы сауалнама жүргізіп, сол сұрақтарды комиссия мүшелері мен байқаушыларға қойдым. Барлығы, соның ішінде халықаралық байқаушылар ортақ пікір білдірді: шағымдар жоқ деп айтты. Техникалық тұрғыдан ақаулықтар кездесті. Бірақ ол – заңдылық. Кейбір учаскелерде тіпті дауыс беруге кезек болды. Бұл түсінікті жағдай. Өйткені сайлауға деген жоғары деңгейдегі қызығушылық бар. Сайлаушылар бұл іс-шараға үлкен қызығушылықпен қарайтынын көрдік, - деп атап өтті  Вахтанг Маисая.

Түскен дейін жиырма шақты сайлау учаскесіне барғанын айтқанын бақылаушы кешке дейін тағы сол көлемдегі учаскелерді аралауға ниетті екендігін жеткізді.

Менің өз көзіммен көріп, байқаған бір нәрсе – ұйымдастыру жұмысынан қателіктер немесе саяси дискриминацияны көрмедім. Ашықтық пен заңдылық қағидаттары ескерілген. Ал атқарушы билік басшысының 7 жылдық мерзімге сайлануы Конституциялық реформалардың дамуы аясында өте дұрыс деп есептеймін. Биліктің барлығын бір қолға жинақтауға қарсылық таныту – посткеңестік келдер үшін де бұл жақсы үлгі. Елдің ішіндегі саяси проблемаларды реттеудегі Қазақстанның тәжірибесі Грузия үшін өте жақсы үлгі бола алады деп ойлаймын. Сайлаудың жаңалығы – оның ашықтығында. Халықтың жауапкершілігі бірнеше есе көбейді және қазақ халқының мәдениетінің жоғары көрсеткіші, - деді грузиялық саясаттанушы.

Өзгелердің жаңалығы