Сапарбаев әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады

1 Қараша 2019, 19:02
2570
Бөлісу:
Сапарбаев әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Тәуелсіздік сарайында өткен салтанатты марапаттау рәсіміне қатысып, әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады. Дәл осы шараның соңында ең үздік әлеуметтік жоба авторлары, яғни жеңімпаздар белгілі болды.  

Вице-премьер мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі –  халықтың әлеуметтік жағдайын, тұрмысын жақсарту екенін айта келе, еліміздің әлеуметтік салада тыңбай қызмет етіп жүрген азаматтарға берекелі, мерейлі әрі ізетті жұмыстары үшін өз алғысын білдірді. 

сапа1.jpg

Әлеуметтік жағдайды жақсарту үшін мемлекет 5 миллионға жуық қазақстандықтарды өз қамқорлығына алмақшы. Биыл әлеуметтік салаға 3 трлн 400 млрд теңге қаржы бөлінді. Қазір әсіресе мүмкіндігі шектеулі азамттарға жағдай жасалып жатыр. Келер жылдан бастап әлеуметтік порталды іске қосамыз. Соның аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қажетті құрал- жабдықтарды мемлекеттік сатып алусыз-ақ олардың өздеріне керегін алып бере аламыз. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қазақстандықтардың әлеуметтік картасын дайындадық, - деді Үкімет басшысының орынбасары.
сапа2.jpg

Ол бүгінгі өткен "Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары" конкурсының жұмысына жоғары баға беріп, көңілінен шыққанын айтты.
"Біз мұқтаж азаматтарға көмек көрсететін боламыз. Ендігі жылдан бастап оңалту орталықтарын үш қалада саламыз. Келешекте облыс, аудан орталықтарына салуды жоспарлап отырмыз. Маған бұл республикалық сайысқа бүкіл Қазақстан бойынша 220-дан астам жоба ұсынылды деп айтты. Олардың көпшілігі мүмкіндігі шектеулі жандарға оңалту орталықтарын ашу, білім беру, күнкөрісі төмен отбасыларға көмектесу, мамандық беру, кәсібін ашуға көмектесу. Өздеріңіз білесіздер, мемлекет басшысы елордада ашылған «Жанұя» аналарды қорғау орталығында болды. Сонда осындай орталықтарды барлық өңірде ашу керектігін атап өтті. Бұған дейін Алматыда ашылды.
Сіздердің іске асырып отырған жобаларыңыз, жұмыстарыңыз сауапты іс. Өзіне де, өзгеге де көмек беріп отырсыздар.Сіздерге мың алғыс", - деп өз сөзін түйіндеді Бердібек Сапарбаев.
сапа4.jpg

  Өз кезегінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов әр номинация бойынша еліміздегі ең үздік қызметкерлерді марапаттады. 
Осыдан он жыл бұрын әлеуметтік қызметкерлер туралы заң қабылданды. Сол заң аясында мүмкіндігі шектеулі, өмірлік қиын жағдайға ұшыраған жандарға арнайы әлеуметтік көмек көрсету жүйесі қалыптасты. Елімізде 700-ден астам мекеме-ұйымдарымыз 120 мың адамға қызмет көрсетіп келеді. Аталған заң үкіметтік емес ұйымдардың осындай шараға атсалысуына мүмкіндік беріп, қазір 177 үкіметтік емес ұйым осындай жақсы тірлікпен айналысып отыр. Бүгін осы залда отырған көптеген азаматтар өз қаражаты есебінен әр түрлі орталықтар ашып отыр, - деп атап өтті министр Біржан Нұрымбетов. 
сапа5.jpg

Ат үстінде оңалту жобасының үйлестірушісі Қуаныш Нұрмахамбет "Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары" конкурсының жеңімпазы атанды. 
Иппотерапия бойынша жоба ерекше қажеттіліктері бар баланың дене белсенділігін дамытуға бағытталған. Екі жыл ішінде 80-ге жуық адам атқа міну арқылы ақысыз оңалту қызметтерін алды. Осының нәтижесінде мүгедектігі бар балалардағы вестибулярлы және тірек-қимыл аппараты мен барлық бұлшықет топтарының функциялары жақсарып, вегетативті жүйке жүйесіне оң әсерін тигізді, - дейді Алматы облысының өкілі Қуаныш Нұрмахамбет.
нурму.jpg

Ләззат Қалтаеваның "Мүгедектігі бар қыздарға арналған жеке өмір мектебі" мен Раиса Сыпабекованың "Шыңға өрлеу" әлеуметтік клубы жобалары екінші орынға ие болды. Үшінші орынды Солтүстік Қазақстан облысынан Сәлімхан Сәбитовтың "Тең жол" және Қостанай облысынан Айсұлу Жұмабаеваның "Мүгедектігі бар адамдарды қоса алғанда, азаматтарды жұмыспен қамтуға көмек көрсету" жобалары иеленді. 
Сіздер өз жобаларыңызды дайындай және іске асыра отырып, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жетілдіруге үлкен үлес қосып келесіздер. Финалға шыққан жобалардың әрқайсысы бүкіл республика бойынша енгізуге лайықты деп сеніммен айта аламын,- деді Біржан Нұрымбетов. 
сапа6.jpg

 Айта кетейік, жүлделі орындарға ие болған конкурс жеңімпаздары: 1 орын – 1,5 млн теңге, 2 орын – 1 млн теңге, 3 орын – 500 мың теңгеге ақшалай сертификаттармен, дипломдармен марапатталды. Барлық финалистерге алғыс хаттар мен сыйлық сертификаттары табыс етілді.

сапа3.jpg

Өзгелердің жаңалығы