Сапарбаев Досаевты қызметінен босатты

3 Тамыз 2021, 15:35
2279
Бөлісу:
Сапарбаев Досаевты қызметінен босатты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылы 3 тамызда Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Қ.Досаев қызметінен босатылды. 

Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Жалпы Қ.Досаев 2019 жылдың 20 желтоқсанында Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының басшысы – бас мемлекеттік еңбек инспекторы қызметіне тағайындалған болатын. 

Ал 2021 жылдың 30 шілдесінде Қ.Досаев Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалған. 

Ал 2021 жылғы 3 тамызда Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Қ.Досаев қызметінен босатылды.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа 2019 жылы жұмысында едәуір олқылықтарға жол беріп, қызметінен босатылған Қ.Досаевты әкімдіктің басқарма басшысы етіп тағайындағаны үшін сөгіс жариялағаны хабарланған болатын.

Еске салсақ, 2019 жылдың күзінде қаскөй педофил сабақтан дәретханаға сұранып шыққан 12 жастағы қызды Тараз қаласында далада орналасқан мектеп дәретханаларының бірінде зорлап кеткен болатын. Бұл жантүршігерлік жағдайдан кейін Тоқаев қала әкімі Қайрат Досаевтан қызметінен кетуді талап еткен еді.

Өзгелердің жаңалығы