Санжар Досжанов күрестен Азия чемпионатында алтын еншіледі

13 Сәуір 2023, 20:20
777
Бөлісу:
Санжар Досжанов күрестен Азия чемпионатында алтын еншіледі
Фото: ҚР МСМ баспасөз қызметі

Күрестен Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы бір алтын медаль түсті, деп хабарлады BAQ.KZ.

Еркін күрестен 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Санжар Досжанов алтын медаль жеңіп алды. Финалда ол өзбекстандық спортшы Зафарбек Отахоновты жеңді. Ұпай саны – 2:0 біздің палуанның пайдасына.

Бұл Азия чемпионатындағы Қазақстан құрамасының төртінші алтыны. Айта кетейік, бұған дейін Жәмила Бақбергенова, Эльмира Сыздықова және Ибрагим Магомадов құрлық чемпиондары атанған болатын.

Өзгелердің жаңалығы