Санкция жаңа қару түріне айналды - сарапшы

8 Маусым 2023, 17:54
1220
Бөлісу:
Санкция жаңа қару түріне айналды - сарапшы
Фото: aifnews2023

Астана халықаралық форумында Француз халықаралық қатынастар институтының негізін қалаушы Тьерри де Монбриаль экономикалық алыптар санкцияны қаруға айналдырып отырғанын айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Идеология - қауіп. Егер біз анағұрлым әлемнің мінсіз кезеңіне көшкіміз келсе, қазірден бастап реалист болуымыз керек. Ұзақмерзімді идеалистік пайым бүкіл елге ортақ, бірақ бүгінгі таңда жаһан жағдайының ушықпауы үшін оған шынайы қараған жөн, - деді спикер.

Сарапшының айтуынша, Тайванға көз тігіп отырған Қытайдың өзі және оған бәсекелес АҚШ-та жағдайдың шиеленіскенін қаламайды. Өйткені әр мемлекеттің сауда-саттық және экономикалық ұзақмерзімді байланыстары бар.

Украинадағы жағдайды айтар болсақ, онда соғыс болып жатыр десек болады. Ресей бастаған кезде оның соңы немен аяқталатынын және көпке созылатынын білген жоқ. Тіпті сарапшылардың өзі қашанға дейін созылатынын нақты айта алмай отыр. Тағы бір мәселе - сауданың қаруға айналуы. Өкінішке қарай, қазір экономикалық алыптар мұны қаруға айналдырып алған. Бұл бағытта, әрине санкцияны пайдаланады, - деді Тьерри де Монбриаль.

Өзгелердің жаңалығы