Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Санитарлық авиация қолданып жүрген ұшақтар жаңартыла ма?

17 Маусым 2025, 12:41
519
Бөлісу:
 gov.kz
Фото: gov.kz

Орталық коммуникациялар алыңында өткен брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сұрақтарына Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, санитарлық авиациядағы ұшақтар мен тікұшақтар келісімшарттың аясында жұмыс істейді.

Қазіргі кезде жаңа ұшақтар мен тікұшақтар бар. "Қазавиаспас" мекемеден ұсынылған ЕС-145 деген тікұшақтар жаңадан жасалған. Алматы мен Астана қаласынан ұшатын Pilatus PC-12 ұшақтары да жаңа. Ал, ауданаралық немесе аудан мен облыс орталықтары арасында ұшатын кейбір өңірлерде ескі кеңес үкіметі кезінде құрастырылған АН-2 ұшағы бар. Сол ұшақты қазіргі уақытта заманауи тікұшаққа ауыстыруы үшін қажетті инвестициялық жоба дайындалып жатыр. Бұл жоба жоспар бойынша 2026 жылдың аяғы мен 2027 жылдың басында алғашқы өнімдерін көрсетеміз,-деді ол.

Еске салайық, осыған дейін шұғыл көмекке мұқтаж бір жасар сәбиді ТЖМ тікұшағы қалаға жеткізгені хабарланған. Сонымен қатар медавиация қызметі қалай жұмыс істейтінін жазған болатынбыз. 

Өзгелердің жаңалығы