«Самұрық-Қазына» табысының бір бөлігін «Қазақстан халқына» қорына аударып отырады

13 Сәуір 2023, 08:10
905
Бөлісу:
«Самұрық-Қазына»  табысының бір бөлігін «Қазақстан халқына» қорына аударып отырады
Фото: inbusiness.kz

«Самұрық-Қазына» жыл сайын «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына таза табысының кемінде 7%-ын аударып отыратын болады, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Қаражатты бөлу тәртібін реттейтін ережелер ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілді.

Қаулыға сәйкес «Қазақстан халқына» қоры аударылған қаражатты белгіленген мақсатқа бағыттауға тиіс. Айта кету керек, бүгінде қор алты бағыт бойынша 25-тен астам қайырымдылық бағдарламасын жүзеге асырады. Олардың ішінде медицина, білім беру, спорт, мәдениет, әлеуметтік қолдау, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсету салалары бар.

Атап айтқанда:

  • науқастарды дәрі-дәрмекпен, жастар мен мүгедектігі бар балаларды инновациялық протездік-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз ету;
  • ауылда негізгі мектептер, ерте араласу орталықтары, аутизммен ауыратын балаларға арналған орталықтарды құру;
  • медициналық ұйымдарды заманауи құралдармен жабдықтау;
  • ауыл мектептерінің түлектеріне және халықтың әлеуметтік осал топтарына кіретін оқушыларға білім гранттарын ұсыну бағдарламалары бар.

Еске сала кетейік, жыл сайын «Самұрық-Қазына» қорының таза табысының кем дегенде 7%-ын «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына аудару туралы бастаманы Мемлекет басшысы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты халыққа Жолдауында айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы