Самокат жүргізушілерінің қатысуымен 44 оқиға тіркелген - ІІМ

10 Мамыр 2023, 10:57
832
Бөлісу:
Самокат жүргізушілерінің қатысуымен 44 оқиға тіркелген - ІІМ
Фото: sportmaster

Елімізде самокат жүргізушілеріне қойылатын талаптар күшейтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ІІМ басшысы Марат Ахметжанов атап өткендей, заң жобасы қазіргі күні қаралып жатыр, әлі қабылданған жоқ.

Бұл заң жобасы депутаттардың ұсынысымен енгізіліп отыр. Құжат самокаттардың жүру ережелерін реттейді. Мысалы, қазір жол үстінде оң жақ беттен тек 18 жасқа толған, жүргізуші куәлігі бар азаматтар жүре алады. Олардың басында қорғау шлемі болуы керек, - деді ІІМ басшысы Мәжілісте.

Сөзінше, қалған жерлерде, мысалы, тротуарда жүретін болса, басымдық жаяу жолаушыларға беріледі. Сонымен қатар самокатшыларға жарық шағылыстырғыш белгілері талабы қойылады.

Биыл 1 қаңтардан бастап самокат жүргізушілерінің қатысуымен 44 оқиға тіркелді. Былтыр 1 адам қайтыс болды. Осындай статистика бар. Заң қабылдансын. Сосын оны ұсынған бір топ депутат ол туралы толық мәлімет береді, - деп айтты министр.

Мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарап жатыр.

Өзгелердің жаңалығы