Самат Әбіш қайда жүр? - ҰҚК жауап берді

15 Мамыр 2023, 12:31
1477
Бөлісу:
Самат Әбіш қайда жүр? - ҰҚК жауап берді

ҰҚК төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты ақпаратты айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жауап өте қысқа болады. Мен бұл мәселеде түсініктеме беруге құзырлы емеспін. Құқық қорғау арнаулы органдарының басшысына құқықтық бағалауды Бас прокуратура береді. Істі ведомствоаралық тергеу жедел тобы зерттеді, - деді ҰҚК өкілі Мәжілісте.

Қалқабаев Самат Әбіштің қайда жүргеніне қатысты сұраққа жауап берді.

Мен оның қайда кеткенін айта алмаймын. Ол кісі жұмыстан кетіп қалды. Ол (Самат Әбіш - ред.) Қазақстанда шығар. Біз оны бақыламаймыз. Ол Қазақстанның азаматы. Мүмкін, елде жүрген шығар, - деді Қалқабаев.

Қаңтар оқиғасынан кейін Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш 17 қаңтарда ҰҚК төрағасының орынбасары қызметінен босатылған болатын. 2022 жылдың 22 маусымында Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Асқар Әмірханов Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында Самат Әбіш тергеуде екенін айтты. Бірақ күдікті немесе куәгер екенін нақтыламады.

Өзгелердің жаңалығы