Самат Әбіш қайда? – Бас прокуратура жауап берді

28 Ақпан 2024, 13:44
671
Бөлісу:
Самат Әбіш қайда? – Бас прокуратура жауап берді

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Самат Әбішке қатысты қойылған сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Істің сотта қаралып жатқанын білемін. Ол Қазақстанда. Қалғанын білмеймін. Елден шықпау туралы қолхат жазылған. Қалғанын айта алмаймын. Менде оған рұқсат жоқ. Іс сотта қаралып жатыр, - деді Шындалиев.

Қаңтарда Самат Әбішке қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілген еді.

БАҚ беттеріндегі мәліметке сәйкес, Самат Әбіштің үстінен  Қылмыстық кодексі 362-бабының 4-бөлігі бойынша (Билікті немесе лауазымды өкілеттіктерді асыра пайдалану) қылмыстық іс қозғалған. Бұл баппен 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген және жазаны айппұлмен алмастыру мүмкін емес.

Самат Әбіш 2022 жылғы қаңтарға дейін ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары болып қызмет атқарған болатын.

Өзгелердің жаңалығы