Самат Әбіш арнайы атақтан және мемлекеттік наградалардан айырылады

20 Наурыз 2024, 13:19
511
Бөлісу:
Самат Әбіш арнайы атақтан және мемлекеттік наградалардан айырылады
Фото: - архив

Сот Самат Әбішке билікті асыра пайдаланғаны үшін үкім шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған жарияланымдарға байланысты Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты билікті асыра пайдаланды деп айыпталған А.-ға қатысты қылмыстық іс (ҚК 362-бабы 4-бөлігі) қаралғанын хабарлайды. «Құпия» белгісін ескере отырып, сот отырыстары жабық форматта өтті. 

Сотта прокурор айыпты қолдап, соттан А.-ны белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан 10 жылға айыра отырып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Бұл ретте ҚК-нің 63-бабының негізінде жазаны пробациялық бақылау белгілей отырып, сол мерзімге шартты түрде деп санауды айқындады.

Сотталушы кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкінген. 

Сот үкімімен А. ҚК 362-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды және 10 жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

ҚК 63-бабы негізінде тағайындалған жазаны шартты деп санау туралы қаулы етілді.

Сот сотталушының жас балаларының болуын және оның шын жүректен өкінуін жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп таныды. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

ҚК 49-бабының 2-бөлігіне сәйкес сот Қазақстан Республикасының Президентіне арнаулы атағынан және мемлекеттік наградаларынан айыру туралы ұсыныс енгізу туралы шешім қабылдады.

Өзгелердің жаңалығы