Самарқанда Имам Матуриди тағылымы туралы конференция өтті

3 Наурыз 2020, 17:16
1364
Бөлісу:
Самарқанда Имам Матуриди тағылымы туралы конференция өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған қазақстандық делегация Өзбекстанның Самарқан қаласында басталған "Имам Матуриди тағылымы: өткені мен бүгіні" атты халықаралық конференцияға қатысты, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметі.

Конференцияға "әл-Әзһар" шейхы, Мысыр бас имамы Ахмет Тайып, сонымен қатар мұсылман елдерінің мүфтилері мен дін қайраткерлері қатысты.
Басқосуда ұлық имам Әбу Мансұр Матуридидің рухани мұрасын халыққа насихаттау, діни экстремизм мен терроризмге қарсы мұсылман үмбеті ғалымдарының ағартушылық күшін біріктіру, әлемдік саяси ахуал күн сайын құбылған заманның сын-қатерлеріне жауап беру, адамдар арасында мейірімділік пен өзара келісім құндылықтарын қалыптастыру, тағы басқа мәселелер талқыланды.

Мысырдың "әл-Әзһар" университеті мен Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының бірлесе ұйымдастырған халықаралық конференция үш күнге созылмақ. Халықаралық басқосу соңында арнайы қарар қабылданып, үндеу жарияланбақ.

Өзгелердің жаңалығы