Салық қызметкері салықтан жалтаруға көмектескен: ШҚО-да қылмыстық топ ұсталды

Шығын 91 млн теңге: ШҚО-да салық қызметкері мен бір топ адам салықтан жалтару схемасына қатысқан

 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 10:20
Бүгiн 2026, 10:20
193
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Усть-Каменогорск инерт» ЖШС атынан жалған шот-фактуралар рәсімдеумен айналысқан бір топ тұлғаның заңсыз әрекетін тоқтатты.

Тергеу амалдарына сай, 2023 жылдың маусым-қыркүйек айлары аралығында күдіктілер азаматтық-құқықтық келісімшарттар бойынша міндеттемелерді орындау ниетінсіз, ауыр техникаға арналған қосалқы бөлшектер жеткізілгені туралы жалған бухгалтерлік құжаттарды жүйелі түрде рәсімдеп отырған.

Бұл құжаттар арқылы олардың серіктестері корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығын қоса алғанда, салық төлеуден заңсыз жалтарған.

Аталған заңсыз схемаға Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкері де қатысқан. Ол салықтық бақылаудан кедергісіз өту үшін қажетті жалған құжаттарды рәсімдеуге көмектескен. Қолма-қол ақшаға айналдырылған қаражаттың жалпы көлемі 356 млн теңгені құрады. Мемлекетке төленбеген салықтар түрінде 91 млн теңгеден астам ірі залал келтірілген. Сот санкциясымен күдіктілердің 3 пәтері мен бір автокөлігіне тыйым салынд. Қылмыстық іс сотқа жолданды, - деп хабарлады ҚМА ресми өкілі Ернар Тайжан.

ҚМА мәлім еткендей, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Еске салайық, бұған дейін Шымкентте студенті жоқ колледждерге грант бөлініп, 1,3 миллиард теңге жымқырылғаны анықталды

Тағы оқи отырыңыздар:

Ұлттық қауіпсіздік комитеті: Үш айда жүздеген жемқорлық фактісі әшкереленді

Коррупцияның құны: Қазақстан экономикасы қанша жоғалтып жатыр?

Кезекте жоқ 15 адам заңсыз пәтер алған: Ақтөбеде экс-шенеунік сотталды

Наверх