Салық мәселесі: 2022 жылдан бастап кәсіпкерлерге арналған қосымша іске қосылады

20 Желтоқсан 2021, 11:12
1695
Бөлісу:
Салық мәселесі: 2022 жылдан бастап кәсіпкерлерге арналған қосымша іске қосылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев кәсіпкерлерге арналған қосымша туралы айтып берді.

«Е-Salyq-Azamat» мобильді қосымшасына ұқсас шағын бизнеске арналған «E-Salyq-Business» мобильді қосымшасы әзірленді, - деп айтты министр.

«E-Salyq-Business» қосымшасының артықшылықтары мен мүмкіндіктері мынадай:

1. Салық төлеушіні жеке кәсіпкер ретінде тіркеу.
2. Салықтар мен әлеуметтік төлемдерді автоматты түрде есептеу, оңайлатылған декларацияны алдын ала толтыру. Салықтарды есептеу кәсіпкердің өзі үшін де, оның қызметкерлері үшін де өтініш арқылы жүзеге асырылады.
3. Салық төлеудің жеңілдігі.
4. Хабарламалар мен сұрауларды қабылдау.
Бұрын кәсіпкерлер ақпаратты салық органдарына барып алатын еді,  енді бұл мобильді қосымшада барлығын онлайн алуға болады.
5. Кәсіпкерлік қызметті тоқтату оңайлатылған тәртіппен автоматты түрде жүзеге асырылады.

Осылайша E-Salyq-Business мобильді қосымшасын пайдалана отырып, кәсіпкерлер салық органдарына бармай-ақ, қызметтердің толық спектрін қашықтан ала алады. Қазіргі уақытта жүйе пилотты режимде 2 облыста қолданылып отыр.

Бұл қосымшаны 7 мыңға жуық қолданушы жүктеп алған. 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл мобильді қосымша барлық жеке кәсіпкер үшін іске қосылады. Жалпы бұл мобильді қосымшада жеке кәсіпкерлерді барынша қамту көзделіп отыр, - деп толықтырды Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.

Өзгелердің жаңалығы