550 мың теңге алатын білім министрі айлығының аздығына наразылығын білдірді

21 Қаңтар 2020, 17:50
4430
Бөлісу:
550 мың теңге алатын білім министрі айлығының аздығына наразылығын білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украинаның білім және ғылым министрі жалақысының аздығына шағымданды.

Strana.ua сайтының хабарлауынша, Анна Новосад 36 мың гривенге балаларын тамақтандыра алмайтынын айтты. Бұл 555 мың теңгеге шамалас. Осы мәлімдемесінен кейін шенеунік әлеуметтік желілерді қолданушылар тарапынан сынға ұшырады.

Қазір менің орташа жалақым 36 мың гривен. Бұл менің білім министрлігінің дирекциясының бастығы болған кездегі айлығымнан 10 мың гривенге кем. Бұл маған қалыпты өмір сүру үшін жеткілікті. Менің жеке баспанам бар, компанияның көлігі бар, ал киноға баруға уақытым жоқ. Егер сіз менен болашақ туралы, депозит, зейнетақы туралы ойлайтын жас адам ретінде сұрасаңыз, онда бұл жеткіліксіз. Бір сәтте мен балалы болғым келсе, оларды осы жалақыға асырай алмасым анық. Сондықтан дәл ондай тәуекелге баруға дайын емеспін. Осы ретте бәсекеге қабілетті жалақы болуы керек. Киевте ондай жалақы үшін тұра алмайтын уақытта келуі мүмкін, - деді министр Новосад журналистеріне берген сұхбатында.

Өзгелердің жаңалығы