Сақтық шаралары мен жалпыға ортақ тәртіпті сақтаған жөн – министр

25 Тамыз 2021, 13:57
7794
Бөлісу:
Сақтық шаралары мен жалпыға ортақ тәртіпті сақтаған жөн – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пандемия басталғаннан еліміздегі журналистер қауымдастығы короновирус індетімен күреске белсене араласып, халыққа шынайы, ресми ақпарат жеткізуде өлшеусіз еңбек етіп келеді, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева.

Әсіресе алғашқы кездерде өз кәсібіне адал тілшілер қауымы күнделікті жұмыстары арқылы шынайы ақпаратты жалған мәліметтерден аршып көрсету арқылы қоғамды жаппай әбіргерге түсуден сақтай білді.

Бүгінде жалпыға ортақ вакцина салудың халық денсаулығы үшін маңыздылығын да жан-жақты түсіндіріп жатыр. Дегенмен, қоғам болып мойындауымыз тиіс бір ақиқат бар. Ол - біздің күнделікті өмірімізге дендеп еніп үлгерген тәж вирусы. Оны жоққа шығара алмаймыз, - деп жазды ол.

Министр өкінішке орай, үнемі сақтық шаралары мен жалпыға ортақ тәртіпке бағынып, вируспен бірге өмір сүруге тура келетінін айтты.
Бұл әсіресе, қоғамды үнемі санитарлық тазалыққа шақырып келе жатқан журналистер қауымы естен шығармауы тиіс маңызды дүние. Журналистер бірінші кезекте халыққа дұрыс ақпарат жеткізумен ғана шектелмей, өздерінің істерімен, әрекеттерімен де үлгі көрсетулері тиіс. Ондай кәсіби мамандар шүкір жоқ емес.

Сондықтан қашанда қауырт оқиғалардың алдыңғы шебінде жүретін барша БАҚ өкілдеріне кәсіби еңбері үшін алғысымды айтып, әріптестерімді күнделікті жұмыстарында сақтық шаралары мен қоғамдық тәртіпті сақтауға, өз істерімен халыққа өнеге көрсетуге шақырамын, - деп жазды Аида Балаева.



Өзгелердің жаңалығы