Сәкен жайлы фильм түсіріледі

25 Шілде 2023, 13:33
688
Бөлісу:
Сәкен жайлы фильм түсіріледі
Фото: Асхат Ораловтың парақшасынан

2024 жылы ақын Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығы тойланады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Соған орай ақын, қоғам қайртаткерінің өмір жолын баяндайтын арнайы фильм түсіру жоспарлануда.

Актер әрі жазушы Қанат Жүнісов қоғам қайраткеріне арналған фильмнің сценарийі мен операсын ұсынды. Ұсыныс қызық. Әсіресе опералық қойылым өте қызық, - деп жазды министр.

Сондай-ақ, министр 2030 жылға қарай отандық авторлардың сахналық қойылым санын 600-ге дейін арттыруды жоспарлап отырғандарын айтты.

Өзгелердің жаңалығы