Сәкен Бибосынов – Азия чемпионатының қола жүлдегері

7 Қараша 2022, 08:55
1305
Бөлісу:
Сәкен Бибосынов – Азия чемпионатының қола жүлдегері

Қазақстан құрамасының мүшесі Сәкен Бибосынов Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатының жүлдегері атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ aikyn.kz-ке сілтеме жасап. 

51 келіге дейінгілер арасындағы ширек финалда Бибосынов малайзиялық Гайюм Ариффинді 5:0 есебімен таза жеңді. Осының арқасында жерлесіміз сары құрлық бәсекесінде кем дегенде қола жүлдеге ілігіп отыр.

Айта кетсек, Сәкен 5 қараша күні ерлер арасында ринг төріне шыққандардың арасында бір өзі болды.

Еске салайық, Сәкен Бибосынов 2021 жылы әлем чемпионы атанды. Сонымен қатар, Токио Олимпиадасының қола жүлдесін еншілеген.

Өзгелердің жаңалығы