Сағынтаев: IT-жобаларды қолдау мен дамыту бойынша орталықтар құрылуда

18 Желтоқсан 2020, 10:19
1282
Бөлісу:
Сағынтаев: IT-жобаларды қолдау мен дамыту бойынша орталықтар құрылуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда Alatau Creativе Hub-та ашылады. Бұл туралы қала басшысы Бақытжан Сағынтаев айтты.

Қалада IT-жобаларды қолдау мен оны дамыту бойынша орталықтар құрылуда. Бұған дейін айтқанымдай, жақында соның алғашқысы Alatau Creativе Hub-та ашылады. IT-зертхананың аумағы 1,7 мың шаршы метрге жетеді. Сондай-ақ бизнес инфрақұрылымды құруға атсалыспақ. «Технодом» көпсалалы орталығы базасындағы коворкинг-орталығының мүмкіндіктерімен таныстым. Жаңа бастаған IT кәсіпкерлер, фрилансерлер мен шағын командаларға опен-спейс кеңсесінде орын беріледі. Орынға төленетін баға да қолжетімді. Сағатына, күніне немесе ай сайын төлеуге болады. Бөлмеде 200-ге жуық адамның жұмыс істеуіне мүмкіндік бар, - деп жазды қала басшысы Іnstagram парақшасында.

Қаланың әр ауданында ашылатын мұндай орындар IT-индустрия инфрақұрылымының тармақталған желісін құруға мүмкіндік береді. Уақыт өте келе бұлар жаңа технологиялық компаниялардың пайда болуына септігін тигізері сөзсіз.


Өзгелердің жаңалығы