Сағынтаев бейбіт шеру өткізуге қосымша жер сұрады

1 Қыркүйек 2019, 11:08
1599
Бөлісу:
Сағынтаев бейбіт шеру өткізуге қосымша жер сұрады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қалалық мәслихатқа тұрғындардың бейбіт шеруін өткізуге тағы бір орын бөлуді сұрады. Бұған дейін бұл мақсатқа "Сары-Арқа" кинотеатрының маңайынан жер бөлінген еді.

Бұл туралы "Егемен Қазақстан" газеті жазды.

«Мен мәслихатқа бейбіт шеру өткізу үшін «Сары-Арқа» кинотеатрының маңындағы гүлзардан басқа тағы бір орын бөлуді өтінемін», - деді қала әкімі.

Мегаполис басшысының айтуынша, бұл шешім қаладағы саяси және құқықтық мәдениетті жаңа сапа мен биік деңгейге көтереді.

Естеріңізде болса, Алматы қаласында өтетін бейбіт шерулер «Сары-Арқа» кинотеатрының маңындағы гүлзарда өтетін.

Өзгелердің жаңалығы