Сағынтаев алматылықтардың жалақысының өсуі немен байланысты екенін айтты

8 Желтоқсан 2021, 15:23
1009
Бөлісу:
Сағынтаев алматылықтардың жалақысының өсуі немен байланысты екенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматылықтардың айлығы өсе ме? Мұң-мұқтажы бар халықтың жағдайы қалай шешілуде?

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз жиынан кейін жауап берді.

Халықтың мұң-мұқтажын естіп, біліп отырмын. Әр сәрсенбі Алматы-Live тікелей эфиріне шығамыз. Сол кезде барлық мәселе ашық, хабарланып айтылады. Айтылған мәселелерді сол мезетте бақылауға алып, түнде немесе келесі күні барып шешеміз. Егер Мемлекет басшысының тапсырмасымен берілген “Еститін мемлекет” қағидатымен ұстанып, халықты тыңдай білмесек билік пен халықтың арасы алыстай кетеді, - дейді ол.

Сондай-ақ, Сағынтаев әкім болу оңай ма? деген тілші сауалына жауап берді.

Оңай деп айтуға болмайды. Әр нәрсені оңай деп есептейтін болсақ, жұмыстың берекесі болмайды. Онда оңай іс көрмесеңіз, жұмыс бабына бармай жеңіл-желпі жүресіз. Әрбір нәрсенің шешімін табу керек. Ол үшін ойлану керек, білу қажет әрі сараптама жасау маңызды, - деді Бақытжан Сағынтаев.

Әкімнің айтуынша, алматылықтардың жалақысының өсуі еңбек өнімділігіне байланысты.

Қала тұрмысы әкімнің я болмаса алматылықтардың жалақысында емес. Әкімнің негізгі жұмысы алматылықтардың жалақысының жоғарлату. Оны өз баяндамамда қала экономикасының құрлымының қалай болуы керектігінде айтып кеттім. Мәселен, Алматы қаласындағы жұмыс істеп тұрған немесе ашылған жұмыс орындарының еңбек өнімділігі төмен деңгейде болса, осыған сәйкес айлығы да төмен болмақ. Ал бүгінде әкімнің негізі жұмысы жоғары деңгейдегі сапалы өндірістерді ашу. Сонда ғана бұл проблеманың шешімін табуға болады. Мысалы Сақтандыру саласы және қаржы салаларының қызметкерлерінің айлығы жоғары, - деді қала әкімі.


Өзгелердің жаңалығы