Сағынтаев: Алматыда миллион көшет егу жобасы жалғасын табады

8 Желтоқсан 2021, 14:14
1251
Бөлісу:
Сағынтаев: Алматыда миллион көшет егу жобасы жалғасын табады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бақытжан Сағынтаев Алматына қаласына миллион көшет егу жобасын жалғастыратынын айтты.

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте мәлім етті.

Екі жыл бұрын сіз миллион көшет егу бағдарламасын жарияладыңыз. Бүгінгі таңда қанша ағаш отырғызылды және сіз өз мақсатыңызға қашан қолжеткізесіз? Бұл Алматыдағы қоршаған ортаның сапасына қалай әсер етеді? -деп сқраған тілшіге әкім жауап берді.

Сағынтаевтың айтуынша, бұл бір миллион түп ағаш отырғызуға пандемия кедергі келтірген.

Жетеміз! Бағдарлама әлі аяғына дейін жеткен жоқ. Біз биыл 570 мың көшет ектік. Жыл қортындысы ретінде осы есеппен аяқтайтын боламыз. Бұл жобаға былтыр басталған пандемия кедергі болды. Сол себепті былтыр көп ағаш еге алмадық. Негізгі жұмысты 2020 жылдың соңы мен биыл іске асырып жатырмыз, - деді Алматы қаласының әкімі.

Сонымен қатар Б.Сағынтаев бір миллион ағаш егу мүмкін емес екенін айтқандар болғанын, бірақ деседе бұл пилоттық істі аяғына дейін жеткізетінін айтты.

Бұны қалай болады екен деп пилоттық жоба ретінде бастап көргенбіз. Келесі жылы да жалғасын табады. Бастапқы кезде Алматыда жан басына шаққан кезде жасыл желектің көлемі 4,4 пайыз болса, бүгінде біз бұл цифрды 7,7 жеткіздік. Ал хаықаралық норма 10 пайыз. Біздің бағдарлама біткен кезде 11 пайызға жекіземіз, -дейді ол.

Өзгелердің жаңалығы