Сабина Алтынбекованың командасын лигаға қатыстырмай қойды

17 Тамыз 2020, 16:19
1401
Бөлісу:
Сабина Алтынбекованың командасын лигаға қатыстырмай қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Танымал қазақстандық волейбол ойыншысы Сабина Алтынбекова Италиядағы карьерасына қатысты жаңалықпен бөлісті.

Биылғы жылдың 4 шілдесінде отандасымыз "Волалто Казерта" командасына ауысқан еді.

Виза дайын, билет брондалып қойған. Оқу-жаттығу жиындары өткен. Бір өкініштісі, Италияның "Волалто Казерта" командасын лигаға қатыстырмады. Биылғы маусымнан тыс қалды. Өте өкінішті жағдай. Сәттілік тілеймін! Енді менің командам басқа нұсқаларды қарастырып көреді, - деп жазды Сабина Instagram  парақшасындағы "сторисінде". 

Естеріңізге сала кетейік, 4 шілдеде "Волалто Казерта" өзінің ресми сайтында спортшымен екі жылға келісімшартқа отырғанын жариялады. Команда жаңа маусымда Италияның А1 әйелдер сериясында ойнауы керек еді.

Айта кетейік, бұған дейін Алтынбекова БАӘ-нің "Әл-Васл" клубының намысын қорғаған.

Өзгелердің жаңалығы