Сабина Алтынбекова шетел асты

20 Желтоқсан 2019, 10:31
9880
Бөлісу:
Сабина Алтынбекова шетел асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова Біріккен Араб Әмірліктерінің "Әл-Васл" командасына ауысты.

Бұл клуб Дубай қаласының намысын қорғайды. Мультиспорттық клуб болғандықтан бірнеше спорт түрлері бар. 2019 жылы  "Әл-Васл" волейболдан Арабтардың чемпиондар лигасын жеңіп алған.

Сабина өзінің Instagram парақшасына "2020 жылды жаңа белестермен" деп жазып, жаңа командасының жейдесімен түскен фотосын жариялады.

Айта кетейік, 23 жастағы Алтынбекова шетелге осымен екінші рет кетіп отыр. Бұған дейін 2015 жылы Жапонияның CSS Sunbeam командасында ойнаған. Ал елімізде  "Алматы" намысын қорғаған.
Өзгелердің жаңалығы