Жүрегінде ақауы бар бескүндік сәби шұғыл түрде санавициямен Алматыға жеткізілді

7 Тамыз 2019, 18:57
1488
Бөлісу:
Жүрегінде ақауы бар бескүндік сәби шұғыл түрде санавициямен Алматыға жеткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1987 жылы туған Қазақстан азаматшасы өкпесіне жасанды желдеткіш аппараты қойылған бес күндік сәбиімен шұғыл тәртіпте санитариялық авиация желісі бойынша Қызылорда қаласынан Алматы қаласына жеткізілді. 

ҚР ДСМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 27 шілдеде нәресте туа біткен жүрек кемістігімен ауыр жағдайда дүниеге келді. 

"Босанғаннан кейінгі кезеңде жаңа туған нәрестеге жағдайын тұрақтандырғанға дейін қажетті медициналық көмек көрсетілді. Операция жүргізу үшін нәресте анасымен бірге Алматы қаласының Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына санитарлық авиацияның күшімен жеткізілді. Мұндай қажеттілік нәресте денсаулығының ауыр жағдайына және медициналық мекемеде операция жүргізу үшін жағдайлардың болмауына байланысты туындады", - делінген ведомство хабарламасында.

Жаңа туған нәрестелерді авиатасымалдаудың маңыздылығы пациенттің жағдайын тез арада тұрақтандыруды қамтамасыз ету, бүкіл ұшу уақыты ішінде ағзаның өмірлік маңызды функцияларына мониторинг жүргізу және қажеттілік туындаған жағдайда кезек күттірмейтін іс-шараларды көрсету болып табылады. Бұл ретте әуе кемесінің бортында қажетті медициналық жабдықтар мен дәрі-дәрмектердің болуына ерекше назар аударылатынын ескеру қажет.

2019 жылдың 1-жартыжылдықта Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы (ҰШМҮО) медицина мамандарының 1285 ұшуды орындағанын, 1739 медициналық қызмет көрсеткенін, 1550 пациентке көмек көрсеткенін айта кету керек. ҰШМҮО көбінесе қанайналым жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарға, жазатайым жағдайлар, уланулар және жарақаттар алу кезінде, жаңа туған нәрестелер мен жас балаларда жасындағы патологиялар кезінде, сондай-ақ кезек күттірмейтін акушерлік жағдайлар кезінде медициналық көмек көрсетеді. 2019 жылғы 6 айда патологиялық аурулары бар нәрестелер жалпы пациенттер санының 11,7% құрады.

Өзгелердің жаңалығы