Сағынтаев Алматының бюджеті есебінен салынған үйлердің сапасын тексерді

1 Қазан 2019, 14:05
1942
Бөлісу:
Сағынтаев Алматының бюджеті есебінен салынған үйлердің сапасын тексерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев бірінші қазан күні Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды. Ол ең алдымен Арыс қаласында қалпына келтірілген жұмыстардың сапасын тексерді.

Оңтүстік астананың жауапкершілік аймағында қалпына келтіруді қажет ететін 531 үй анықталған болатын. Егер 503 үйдің жөндеу жұмыстары туралы (бұзылу деңгейіне орай күрделі немесе косметикалық жөндеу) керек болса, 28 үйді қайта салып шығу қажет болды.

Алматы секторын бес компанияның 300-ден астам құрылысшысы қалпына келтірді.

Еске салсақ, қала 24 маусымда болған жарылыс салдарынан айтарлықтай зардап шеккен еді. Бүкіл ел болып жұмылып, қала қалпына келтірілді. Ол үшін облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар саны бойынша Арыс 17 секторға бөлінді. Алматыға № 14 сектор берілді.


Өзгелердің жаңалығы