Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

12 Ақпан 2020, 08:27
1728
Бөлісу:
Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сәрсенбі, 12 ақпанда еліміздегі бірқатар өңірде қар жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

12 ақпанда еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей жерлерде қатты жауын-шашын күтіледі. Шығыста және солтүстік-батыста аздаған қар жауады. Солтүстік пен батыста антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде көктайғақ, тұман түсіп, бұрқасын соғады, жел күшейеді. Жамбыл облысында жел күшейіп, жылдамдығы 30 м/с жетеді тіпті одан да асып кетуі мүмкін, делінген синоптиктердің болжамында.

Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) күтіледі, кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін, жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күшейеді, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с жетеді, тіпті одан да асып кетуі ықтимал.

Түркістан облысының күндіз кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі, кей жерлерде жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 24-29 м/с жетеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде тұман, көктайғақ болуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде тұман күтіледі, күндіз кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 18 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 18 м/с жетеді.

Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.



Өзгелердің жаңалығы