СҚО әкімі тұрғындарды шетелге шықпауға шақырды

5 Наурыз 2020, 06:18
1079
Бөлісу:
СҚО әкімі тұрғындарды шетелге шықпауға шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. СҚО әкiмi солтүстiкқазақстандықтарды шетелдiк сапарларға бармауға үндедi.

Елімізде коронавирус анықталған жоқ. Алайда, қауіпсіздік шараларын сақтағанның артықтығы жоқ.

Солтүстiк Қазақстанда да коронавирусты болдырмау мақсатында жұмыстар жүргiзiлуде. Мемлекеттiк шекара қатаң бақылауға алынған.

Дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету үшiн қосымша қаржы бөлiндi. СҚО әкiмi солтүстiкқазақстандықтарды қоғамдық орындарға бармауға шақырды.

Сонымен қатар өңір басшысы шетелдік сапарлардан бас тартқан жөн деп айтты.

Өңiр тұрғындарын коронавирус тiркелген мемлекеттерге бармауға шақырамын. Өзiңiздiң отбасыңызды, балаларыңызды ойлаңыздар. Әсiресе оңтүстiк-шығыс мемлекеттерiне бару қауiптi, - дедi Құмар Ақсақалов.
Өзгелердің жаңалығы