Рыбакина Майамидеги турнирден кейін мәлімдеме жасады

2 Сәуір 2023, 12:21
999
Бөлісу:
Рыбакина Майамидеги турнирден кейін мәлімдеме жасады
Фото: Елена Рыбакинаның әлеуметтік желідегі парақшасынан

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA 1000 Miami Open турнирінің финалынан кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шешуші матчта ол чехиялық Петра Квитовадан жеңіліп, sunshine Double-ді рәсімдей алмады.

Бүгін күн қиын өтті, екінші орын алдым. Дегенмен, осы екі аптаның ішінде Майамиде ерекше естеліктер мен жағымды әсер алдым. Қолдау білдірген жандарға алғысым шексіз. Біраз демалып, келесі маусымға дайындалатын уақыт келді, – деді Елена.

Айта кетейік, 14-15 сәуірде Елена Рыбакина Астанада қазақстандық команда сапында Билли Жан Кинг кубогында Польша құрамасына қарсы ойнайды.

Елена – бүгінгі матчты қоса алғанда Майами Оупендегі әр кездесуде (6 ойында) кемі 10 эйс жасаған теннисші. Аты аңызға айналған америкалық, Үлкен Дулыға санатындағы бәсекелердің 23 дүркін чемпионы Серена Уильямс 2015 жылғы Уимблдонда осындай нәтиже тіркеген.

Рыбакина Майамидегі турнирде 650 ұпай мен 662,360 АҚШ долларына ие болды. Ал Петра Квитова 1000 ұпай мен 1 млн 262,220 АҚШ долларын алады.

Өзгелердің жаңалығы