Рыбакина Австралияда өткен WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты

5 Қаңтар 2024, 12:30
483
Бөлісу:
Рыбакина Австралияда өткен WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты
Фото: ©WTA

Қазақстанның үздік теннисшісі және әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Брисбендегі (Австралия) WTA 500 - Brisbane International турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ Vesti.kz сілтеме жасап.

Жарыстың 1/4 финалында Рыбакина ресейлік Анастасия Потаповамен кездесті. Бірінші кездесуде 6:1 есебімен алға шықты. Екінші ойынның басында Потапова одан әрі күрестен бас тартты.

Brisbane International турнирінің жартылай финалында Рыбакина Линда Носкованың (Чехия) жұбы - Мирра Андреевамен (Ресей) ойнайды.

Өзгелердің жаңалығы