Рүстем Нүркенов, күйші: Күйшілерге мемлекеттік деңгейде насихат керек

28 Қараша 2020, 11:01
4135
Бөлісу:
Рүстем Нүркенов, күйші: Күйшілерге мемлекеттік деңгейде насихат керек
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Белгілі күйші, «Күйшілер одағының» негізін қалаушы Рүстем Нүркеновпен бүгінгі күйшілердің жай-күйін, күйшілік дәстүрдің насихатталуы, күйшілік өнері жайлы сұхбаттасқан едік.

Жас күйші еліміздегі күйшілік дәстүрдің насихатталуына қатысты өз ойын ортаға салды.

Заң болу керек. Әйтпесе Президент осылай деді деген бір ауыз сөзбен біздің елде ештеңе бітпейтіні белгілі ғой. Қазіргі кезде баяғыдай күйдің табиғатын түсініп, іздеп жүріп тыңдайтын тыңдаушы жоқ. Сонымен қатар, күйге деген баяғыдай талғаммен қарайтын адам жоқ. Кешегі күйшілік дәстүрді жалғастырып, сабағын үзбей келе жатқан саусақпен санарлық қана күйші қалды. Оларға да тиісті қамқорлық жасап отырған жоқпыз, - дейді Рүстем Нүркенов.


Өзгелердің жаңалығы