Руслан Жапаров Олимпиадаға жолдама жеңіп алды

23 Мамыр 2021, 00:29
1238
Бөлісу:
Руслан Жапаров Олимпиадаға жолдама жеңіп алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таеквондошы Руслан Жапаров Олимпиада ойындарына лицензия жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл күндері Амманда (Иордания) таеквондодан Азия құрлықтық іріктеу турнирі өтіп жатыр. 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық Руслан Жапаров финалға жолдама алды. Жартылай финалда ол WT атынан шыққан спортшы Амири Али Акбарды 31:20 есебімен ұтты.

Олимпиадаға іріктеу жарысының ережесі бойынша құрлықтық додада финалға шыққан спортшылар автоматты түрде Олимпиада жолдамасына иелік етеді. Жарыс ережесіне сай, Руслан Жапаров Қазақстан қоржынына кезекті жолдаманы салды.

Айта кетерлігі, бұл Қазақстан таеквондо құрамасының екінші жолдамасы. Осыған дейін әйелдер арасында Жансель Дениз жолдама жеңіп алған болатын.

Өзгелердің жаңалығы