Роналду Инстаграмда Әли Тұрғанбеков туралы жазды

30 Желтоқсан 2019, 20:34
5158
Бөлісу:
Роналду Инстаграмда Әли Тұрғанбеков туралы жазды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италиялық "Ювентус" пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду өзінің қазақстандық Әли Тұрғанбековпен кездесуі туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сізбен танысқаныма қуаныштымын, Әли. Нағыз шабыт, - деп жазды Роналду өзінің Instagram парақшасында.

Әли бұған дейін Лионель Месси, Неймар, Килиан Мбаппе және Мохамед Салахпен кездескен еді.


Айта кетейік, Али мен Роналду арасындағы кездесуді ресейлік спортшы Хабиб Нурмагомедов ұйымдастырды. Ол қазақстандық танымал баламен Алматыға сапарында танысқан еді.

Өзгелердің жаңалығы