Роботтар. Болашақта ХҚКО қызметкерлері жұмыссыз қалуы мүмкін

26 Қаңтар 2023, 15:55
944
Бөлісу:
Роботтар. Болашақта ХҚКО қызметкерлері жұмыссыз қалуы мүмкін
Фото: Артём Чурсинов

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин  мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарын  жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осы жылы 50 ХҚКО-ны жаңартамыз. Сонымен бірге ауылдық «Қазпошта» бөлімшелерінде қызметтерді көрсетуді ұйымдастырамыз. Былайша айтқанда, 1900-дан астам ауыл тұрғындары қалаға шықпай ақ, өз ауылында орналасқан «Қазпошта» филиялынан мемлекеттік қызметтерді алатын болады. Бұл кем дегенде 4 млн-нан астам ауыл  адамдарына қолайлы мемлекеттік қызмет көрсетіледі деген сөз. ХҚКО-ның жұмысшыларының жұмысын жақсарту үшін жасанды интеллект қолданатын  дауысты  виртуалды робот іске қосылады, - деп мәлімдеді Бағдат Мусин Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың қатысуымен өтіп жатқан министрліктің  алқа отырысында. 

Бұған дейін Цифрлық даму министрі министрліктің жұмысы бірнеше бағытты қамтитынын атап өткен еді. Оның айтуынша, Қазақстан БҰҰ электронды Үкіметтің даму индексі бойынша 28 орынды иеленіп отыр.

Өзгелердің жаңалығы