Рим папасының мессасына 3 мың қажы қатысады - СІМ

Рим папасының мессасына 3 мың қажы қатысады - СІМ
94253

Бұл туралы СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров журналистерге арналған брифингте айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Рим папасының мессасына 3 мың қажы қатысады. Оған көрші елдер мен Орталық Азия елдерінен адамдар келеді. Сондай-ақ Рим папасы қоғамдық кездесу өткізіп, шіркеуге барады,- деді ол. 

Смадияров атағандай, Діндер съезіне 300 журналист қатысады. 

Рим папасының өзі 81 журналистпен келеді. Яғни, оның өзінің жеке пулы бар. Рим папасы Діндер съезінің ашылуы мен жабылуына да қатысады,- деді Айбек Смадияров.

Айта кетейік, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезі өтеді.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі алғаш рет 2003 жылдың 23-24 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен өткізілген болатын.

2003 жылы 13 ақпанда өтіп, діндер, мәдениеттер мен халықтардың жақындасуына маңызды рөл атқарған, христиан, мұсылман, еврей ұйымдары қаысқан Бейбітшілік пен келісім халықаралық конференциясында сөз сөйлеген Елбасы барлық конфессия өкілдеріне Қазақстанда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезін өткізу инициативасын білдірді.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ашық дереккөз
Өзгелердің жаңалығы