Рим папасы еліміздің Туы мен Әнұраны туралы айтты

15 Қыркүйек 2022, 15:53
2831
Бөлісу:
Рим папасы еліміздің Туы мен Әнұраны туралы айтты

Тәуелсіздік сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің екінші күні өтіп жатыр, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстан - Орталық Азиядағы ірі стратегиялық ел. Бұл біздің кездесуіміз үшін өте маңызды. Оның Туына қараңызшы, көк аспанда шарықтаған алтын қыран. Бұл жер бетіндегі билікті көрсетеді. Көне империялар туралы жадыда сақтаған көкшіл түстегі фон көк аспанның бейнесін көрсетеді. Ашық, бостандық, еркіндіктегі шарықтауды білдіреді. Сондықтан біз аспанның Жерге түспеуі үшін және Құдайдың жаратқан ұшан теңіз дүниесін жоққа шығарып алмас үшін бірге жұмыс істеуіміз керек. Адасуға жол беруге болмайды. Саясатпен бірге әртүрлі саланы жеке бастың дүниесімен араластырмау керек. Өз дінімізді қолдап, қорғай білуіміз керек, - деді Рим папасы. 

Понтифик БҰҰ ұймына діни топтарды қолдау бойынша ұсыныс жасайтынын айтты. 

Экстремист пен лаңкестер тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырап отырғандарды білесіздер. Біз діни бостандыққа абстрактілі ұғым ретінде қарамау керекпіз. Барша адам әдімілік пен ашық аспанға деген махаббатын қорғауымыз керек. Қазақстан Әнұранында айтылған «алтын күн аспаны» дегендей, жайдан жай айтылмайды. Алланың жаратқан жарығын қорғай білейк. Котоликтік шіркеу әрбір адамның құқығы бұзылмау керегін ұстанады, - деді ол. 

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бірінші Съезі 2003 жылы Қазақстанның астанасында өтті. Кейінгі съездер үш жылда бір рет 2006, 2009, 2012, 2015 және 2018 жылдары ұйымдастырылып, тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ірі халықаралық іс-шаралардың біріне айналды.

Өзгелердің жаңалығы