Риддердегі ЖЭО-ға 11 млн теңге айыппұл салынды

24 Наурыз 2023, 12:46
537
Бөлісу:
Риддердегі ЖЭО-ға 11 млн теңге айыппұл салынды
Фото: inbusiness.kz

2022 жылдың қараша айында Риддер қаласында апат болды. Салдарынан қала тұтынушыларына жылу мөлшері аз берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған жағдайдың себептерін анықтау үшін Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы уәкілетті органдардың мамандарымен бірлесіп, кәсіпорын қызметінде тексеру жүргізді.

Оның нәтижелері «Риддер ЖЭО» АҚ-ның жай-күйі техникалық жағынан қанағаттанарлықсыз екенін көрсетті.

240-тан астам заңнамаларды бұзу фактілері анықталды.

Прокуратураның қадағалау актілері бойынша уәкілетті органдар ЖЭО қатысты бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығара отырып, 11 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік жаза қолданды. Прокуратураның ұсынысы бойынша «Риддер ЖЭО» АҚ жылу энергиясын тиісті деңгейде жеткізбегені және сапасының нашарлағаны үшін төлемді қайта есептеу арқылы 63,3 млн теңге сомасына 21,7 мың тұтынушыға залал өтелді, - делінген Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы хабарламасында.

Бұдан басқа тексеру барысында 548 млн теңге сомасына тарифтік смета мен инвестициялық бағдарламаның қаражатын мақсатсыз жұмсау туралы табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзу фактісі анықталды.

 «Риддер ЖЭО» АҚ үшін 2023 жылғы 1 сәуірден бастап 2024 жылғы 31 наурызға дейін халыққа тарифті 18%-ға төмендете отырып, уақытша өтемдік тарифті бекітті.

Айта кетейік, Риддердегі ЖЭО-да тағы бір апат болды.

Өзгелердің жаңалығы