Риддердегі өрт. Ертеңнен бастап адамдар өтемақы ала бастайды

6 Шілде 2021, 20:14
3006
Бөлісу:
Риддердегі өрт. Ертеңнен бастап адамдар өтемақы ала бастайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов мереке күні Риддер тұрғындарымен кездесті. Бұл туралы әкім өзінің папрақшасында жазды. 

Бірінші кезекте "Ботаника" жаңа шағын ауданына барып, ірі орман өртінен зардап шеккен тұрғындырға арнап салынып жатқан үйлердің құрылыс барысын тексердім. Бүгінде 32 баспананың құрылысы аяқталуға жақын. Қазіргі уақытта бірнеше үйде әрлеу жұмыстары жалғасуда, сонымен қатар жолдарды абаттандыру және асфальттау жұмыстары жүргізілуде. 15 шілдеге қарай су мен электр энергиясы қосылады - деді әкім өз жазбасында.

Айта кетсек, барлық тұрғынға толықтай дайын үй тапсырылады, тіпті әрқайсысында ас үй жиһазы орнатылады. 

Өртке дейін шағын баспанасы болған тұрғындардың өзі 80 шаршы метрлік кең үйге қол жеткізбек. Кездесуде мердігер компаниялардың өкілдері сапалы құрылыс жүргізіп жатқанын жеткізді. Әрине, барлық жаңа үйді арнайы комиссия қабылдайды. Жоспар бойынша алғашқы тұрғындар жаңа үйлеріне 18 шілдеде, қалғандары - 15 тамызға дейін кіруі тиіс. Сондай-ақ, бүгінде өрттен келген залалды есептеу жөніндегі комиссияның жұмысы аяқталды және ертеңнен бастап адамдар өтемақы ала бастайды - деді Даниал Ахметов.

Ол кездесу барысында көп балалы отбасылармен әңгімелескенін айтты.

Азаматтар белгісіз адамдардың интернетте үйлердің сапасыз салынғаны туралы жазған пікірлеріне өкініш білдірді. Аналардың айтуынша, құрылысшылар өте сапалы жұмыс істеуде. Айта кетейін, тұрғындарға құрылыс алаңдарына баруға және құрылысшыларға өз тілектері мен өтініштерін білдіруге рұқсат етілген болатын. Сөздерінің дәлелі ретінде отбасылар өздерінің жаңа үйлерін көрсетіп, қоныс тойына шақырды. Бүгінде Риддер қаласында тұрғын үй алу кезегінде 45 көп балалы отбасы тұр, олардың 20-сы осы жылы-ақ өз баспаналарына ие болады. Олар үшін жайлы әрі кең үйлер "Ботаника" шағын ауданында салынады - деді ол.

Өңір басшысы сСапар соңында Риддердегі вакцинациялау барысымен танысты.

Қалада 10 стационарлық және бір жылжымалы екпе салу пункті жұмыс істейді. Олардың барлығы мереке күндері де жұмыс істеуде, өйткені қызметке деген сұраныс артты. Естеріңізге салсам, ШҚО-да дәрігерлер мен күш құрылымдарының 100 %-ы екпе алды. Қазір вакцинация студенттер мен мұғалімдер, сондай-ақ қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін азаматтар арасында белсенді жүргізілуде - деді облыс әкімі.
Өзгелердің жаңалығы