Риддерде жаңа автобустар сатып алынады

7 Шілде 2023, 10:19
745
Бөлісу:
Риддерде жаңа автобустар сатып алынады
Фото: Арман Мухатов - архив

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында қоғамдық көлік тапшылығы мәселесін шешу үшін 20 жаңа автобус сатып алынбақ, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

52 мыңға жуық адам тұратын Риддерде қоғамдық көлік мәселесі өте өзекті. Автобустардың тапшылығынан халық көп уақытын аялдамаларда тосумен өткізуге мәжбүр. Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, бұл мәселе енді шешімін табады. Ол үшін Өскемендегі жаңа мердігер компаниямен меморандум жасалған.

Компания 20 жаңа отандық автобусты жеткізуге міндет алды. Қазір қала бойынша 14 ескі автобус жолаушы тасымалдайды. Риддер халқын қоғамдық көлікпен жеткілікті деңгейде қамту үшін барлығы 30 автобус керек. Енді жаңа қоғамдық көліктер алынса, ескілермен қосқанда қала көшелерінде 34 автобус жүретін болады, - дейді қала әкімінің міндетін атқарушы Дархан Қосантаев.

Жаңа автобустар Риддерге осы жылдың қыркүйек айында келеді деп күтілуде. Бұл мақсатта әкімдік тарапынан 98 млн теңгеге жуық субсидия бөлінген.

Өзгелердің жаңалығы