Риддерде үй жылытқышының салдарынан пәтер өртенді

10 Желтоқсан 2023, 08:20
565
Бөлісу:
Риддерде үй жылытқышының салдарынан пәтер өртенді
Фото: baq.kz

Риддер қаласында Станция көшесіндегі бірінші қабатта орналасқан пәтерден өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қызыл жалынның жалпы ауданы 10 шаршы метрді құраған.

Оқиға орнына құтқарушылар шұғыл келіп жетті. Төрт адам қауіпті аймақтан өз бетімен шығып үлгерген. Көп ұзамай жеке заттар мен жиһаздарға жайылған тілсіз жау толықтай ауыздықталды.

Отты сөндіруге жеке құрамнан 7 адам мен 3 өрт сөндіру көлігі жұмылдырылған. Өрттің шығуына қараусыз қалған жылытқыш себеп болды, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, ТЖД қызметкерлері өңір жұртшылығына өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтап, барынша абай болу қажеттігін ескертті.

Өзгелердің жаңалығы