Риддерде мектеп өртенді

7 Қараша 2020, 19:53
1406
Бөлісу:
Риддерде мектеп өртенді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы мектептен өрт шықты.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 қараша күні таңғы сағат 04:00 шамасында Т.Тоқтаров көшесіндегі екі қабатты орта мектеп ғимаратында өрт шыққан. Бірінші қабаттағы бөлмеде өрт есікті, еденді, терезе блогын, жиһазды, компьютер мен интерактивті тақтаны шарпыған. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында 12 шаршы метр аумақтағы тілсіз жау ауыздықталды. Ешкім зардап шеккен жоқ.

Өрттің шығу себебі электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде қауіпсіздік ережесін сақтамаудан немесе электр жабдықтарының апаттық режимі себеп болуы мүмкін. Жалынды өшіруге 2 өрт сөндіру көлігі мен 7 құтқарушы жұмылдырылды, – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Өзгелердің жаңалығы