Риддер ЖЭО коммуналдық меншікке беріледі

20 Шілде 2023, 22:20
761
Бөлісу:
Риддер ЖЭО коммуналдық меншікке беріледі
Фото: egemen.kz

Шығыс Қазақстандағы Риддер жылу электр орталығының жаңа меншік иесі жылу көзін коммуналдық меншікке береді. Бұл туралы мәслихат сессиясында облыс әкімі Ермек Көшербаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жылу маусымы басталып, аяқталғанға дейін Риддердегі жылу қазандығы бірнеше рет апаттық жағдайда тоқтатылып, тұрғындар қыстың суығында жылусыз қалған еді.

Алдымен ол ЖЭО-ның барлық қарыздарын өтейді. Содан кейін кәсіпорынды коммуналдық меншікке береді, - деді облыс әкімі Ермек Көшербаев.

Өңір басшысы, сондай-ақ, жылыту маусымына дайындық, әсіресе, әлеуметтік нысандар мәселесі ерекше бақылауда екенін атап өтті.

Кейбір аудан әкімдіктерінің «Қаражыра» көмір жеткізушісі алдындағы қарыздары қиындық тудыруда, алайда бұл қарыздар бірнеше ай ішінде төленеді деген келісімге қол жеткізілді, - деді облыс әкімі.

Өзгелердің жаңалығы