Риддер ЖЭО бойынша жылыту кезеңіне дайын ба

16 Қазан 2023, 08:40
401
Бөлісу:
Риддер ЖЭО бойынша жылыту кезеңіне дайын ба
Фото: gov.kz

Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары Илья Рожков Риддер ЖЭО барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазіргі уақытта 3 қазандық жұмыста, қалған 3 қазандықта жөндеу жұмыстары жалғасуда.

ЖЭО басшылығымен өткен кеңесте жұмыс істеп тұрған қазандықтардың айналмалы жабдықтарының сенімді жұмысына, ұсатқыш А және багер сорғыларын жөндеуді жеделдетуге, а.ж. 27 қазанына жоспарланған № 6 қазандықты жөндеу жұмыстарын аяқтауға байланысты проблемалық мәселелер талқыланды. № 4 және 5 қазандықтар бойынша жөндеу жұмыстары барысында анықталған ескертулерді жою нұсқалары қаралды.

Риддер ЖЭО бойынша жылыту маусымының тұрақты өтуі Энергетика министрлігінің бақылауында.

Өзгелердің жаңалығы