Риддер полицейлері жоғалған 10 жасар қызды іздеп тапты

14 Тамыз 2023, 10:19
572
Бөлісу:
Риддер полицейлері жоғалған 10 жасар қызды іздеп тапты
Фото: Polisia.kz

Баласын өзі іздеп таппағасын анасы полиция көмегіне жүгінген, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

11 тамыз күні сағат 21:56 шамасында ШҚО ПД Риддер қаласының полиция бөліміне 31 жастағы қала тұрғыны келіп, оның 10 жасар қызы сағат 18:00 шамасында үйден кетіп, осы уақытқа дейін оралмағанын хабарлаған.

Өзі іздегеннен нәтиже болмаған соң, қыздың анасы полицияның көмегіне жүгінген. Риддер қаласының полиция бөлімінің жеке құрамы кәмелетке толмаған қыз баланы іздеуге дереу бағыттаған. Іздеу шаралары барысында кәмелетке толмаған бала таңертең табылып, туыстарына қайтарылды, - делінген ақпаратта.

Белгілі болғандай, қыз серуендеуге шешім қабылдап, бұл туралы ата-анасына айтпаған. Оны табуға қырағы қала тұрғыны көмектесті. Әйел адам қызды өз үйіне шақырып, содан кейін туыстарына оның орналасқан жері туралы хабарлаған. 

Полиция департаменті балаларды қараусыз қалдырмауды және оларға мұқият болуды сұрайды.  

Өзгелердің жаңалығы