Рейтинг. Қазақстанда депрессияға бейім қанша адам бар?

11 Наурыз 2024, 14:02
644
Бөлісу:
Рейтинг. Қазақстанда депрессияға бейім қанша адам бар?
Фото: pixabay.com

Депрессияның таралуы бойынша Қазақстан 180 елдің арасында 93-орында. Countrycassette халықаралық тәуелсіз интернет журналының мәліметінше, депрессиялық ауруға шалдыққан қазақстандықтардың үлесі 4,4 пайыз, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Есепке сүйенсек, біздің елде депрессияға бейім азаматтардың саны 732,7 мың адамға жетеді.

Депрессия ең көп тараған елдердің бестігінде осы психикалық бұзылыстың белгілері бар халықтың үлесі 6,3 пайызбен Украина алда. Одан кейін АҚШ, Аустралия және Эстония тұр. Оларда бұл көрсеткіш 5,9 пайыз. 

Қазақстанға жақын елдердің ішінде халықтың 5,5 пайызы депрессиялық бұзылулардан зардап шегетін Ресейде ғана жағдай нашар. 

Өзбекстанда, Қырғызстанда және Тәжікстанда психикалық денсаулықтың бұл көрсеткіші төмен: 4,2 пайыздан 3,8 пайызға дейін. 

Арал елдерде депрессияға бейім адамдар ең аз.

Депрессиядан зардап шегетін адамдардың санын анықтау мәселесі қоғамдық денсаулық сақтаудың күрделі мәселесі.

Неге десеңіз, немқұрайлық пен тынымсыз үмітсіздікке ұшыраған кейбір адам дәрігерлердің көмегіне жүгінбейді. Бұл үрдіс тек Қазақстанға ғана емес, көптеген басқа елдерге де тән. 

Үш жыл бұрын Wellcome Global Monitor психикалық денсаулыққа қатысты үлкен зерттеу жүргізді. Адамдардың алаңдаушылық пен депрессияны қалай қабылдайтынын және өздеріне көмектесуге тырысатынын түсіну үшін ұйым мамандары 113 елдегі 120 мыңға жуық адамнан сауалнама жүргізді. Маманға жүгіну және жазып берген дәрілерді қабылдау адамдардың депрессиядан шығу үшін қолданатын жалғыз негізгі әдіс емес. 

Өзіне-өзі көмек көрсетудің ең жиі айтылатын әдістері достарымен және отбасымен қарым-қатынас (респонденттердің 78 пайызы көрсеткен), өмір салтын түзету (73 пайызы), таза ауада серуендеу және табиғатта демалу (71 пайыз), сондай-ақ отбасындағы (62 пайызы) және жұмыстағы (53 пайыз) жеке қатынастарды реттеу.

Өзгелердің жаңалығы