Республикалық жолдарға 2 мың текше метр құм-тұз қоспасы себілді

23 Қараша 2023, 11:06
480
Бөлісу:
Республикалық жолдарға 2 мың текше метр құм-тұз қоспасы себілді
Фото: Арман Мухатов - архив

Мамандар 2 мың текше метр көктайғаққа қарсы материал пайдаланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазавтожол" компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қысқы күтіп-ұстау жұмыстарына 300-ге жуық арнайы техника мен 500 маман жұмылдырылды. Автожолдарды өңдеу үшін 2 мың текше метр құм-тұз қоспасы жұмсалды, - делінген хабарламада.

Қазір еліміздің 2 өңірінде 6 күре жол жабық. 

Атырау облысында "Атырау-Орал" күре жолының Индер ауылынан БҚО шекарасына дейінгі аралығында көлік қозғалысы шектелді. 

Батыс Қазақстан облысында 5 күре жол жабық. 

Олардың қатарында: 

1. "Чапаево-Жалпақтал-Казталовка-РФ шекарасы", Чапаево- Казталовка ауылдарының арасы; 

2. "Атырау-Орал", Атырау облысының шекарасынан Орал қаласына дейін; 

3. "Самара-Шымкент", ГАИ бекеті-КПП Сырым БӨП; 

4. "Орал-Тасқала-РФ шекарасы", Орал қаласының шекарасынан РФ шекарасына дейін; 

5. "Самара-Шымкент", Подстепное-Жымпиты аралығы

Өзгелердің жаңалығы