Республикалық референдумды өткізу үшін ауқымды жұмыстар жүргізілген – шетелдік бақылаушы

5 Маусым 2022, 10:21
1600
Бөлісу:
Республикалық референдумды өткізу үшін ауқымды жұмыстар жүргізілген – шетелдік бақылаушы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Халықаралық байқаушылардың ақпараттық орталығында өткен брифингте Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясы мүшесі Әбдіжапар Бекматов еліміздің Ата Заңына енгізіліп отырған өзгерістер қазақстандықтар үшін маңызды екенін атап өтті.

Қырғызстандық бақылаушы Әбдіжапар Бекматов бүгін қазақстандықтар үшін тарихи күн екенін атап өтті.

Бүгін Қазақстанда өтіп жатқан тарихи, саяси оқиғаның басталуымен құттықтаймын. Егеменді Қазақстанның тарихындағы республикалық референдумды өткізу – бұл маңызды саяси мәселе. Республикалық референдум негізгі заң Конституцияға өзгерістерді енгізу бойынша өтіп жатыр. Оның Қазақстан және халық үшін маңызы зор, - деп айтты ол.

Оның сөзінше, қырғызстандық байқаушылар сайлау комиссиясы жұмысының қалай өтіп жатқанының куәгерлері.

Республикалық референдумды өткізу үшін ауқымды жұмыстар жүргізілген. Олар: референдумға қатысушылардың тізімін әзірлеу, сайлау пунктерінің дайындығы, республика халқына ақпарат беру. Біз БАҚ-тың халыққа қалай ақпарат беріп жатқанының да куәгері болдық. БАҚ-та танымал тұлғалардың халықты референдумға қатысуға шақырып жатқандарын да байқадық. Мысалы, танымал әнші Роза Рымбаева. Осылайша, бүгін Қазақстан халқы өздерінің болашақтарын айқындау мақсатында таңдауларын жасап жатыр, - деп түсіндірді Әбдіжапар Бекматов.

Өзгелердің жаңалығы